Әлем чемпионатына іріктеу: Уэльс құрамасы Қазақстанға қарсы құрамын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен кездесетін Уэльс құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды.

Қазақстан мен Уэльс кездесуі 4 қыркүйекте Астана қаласында өтеді. Алғашқы ойында Қазақстан аталған қарсыласына сырт алаңда 1:3 есебімен жол берген еді.
Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 3 ойыннан кейін Уэлс құрамасы 6 ұпаймен екінші орында тұрса, төртінші орындағы Қазақстанның 3 ұпайы бар.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Дэнни Уорд («Лестер»), Карл Дарлоу («Лидс»), Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед»).
Қорғаушылар: Бен Дэвис («Тоттенхэм»), Джо Родон («Лидс»), Крис Мефам («Сандерленд»), Бенджамин Кабанго («Суонси»), Неко Уильямс («Ноттингем Форест»), Джей Дасилва («Ковентри»), Ронан Кпакио, Дилан Лоулор (екеуі- «Кардифф Сити»).
Жартылай қорғаушылар: Джош Шиэн («Болтон»), Джордан Джеймс («Ренн»), Кай Эндрюс («Мазервелл»), Сорба Томас («Нант»), Дэвид Брукс («Борнмут»), Чарли Крю («Лидс»), Харри Уилсон («Фулхэм»).
Шабуылшылар: Киффер Мур («Шеффилд Юнайтед»), Бреннан Джонсон («Тоттенхэм»), Дэниел Джеймс («Лидс»), Лиам Каллен («Суонси»), Нейтан Бродхед («Ипсвич Таун»), Марк Харрис («Оксфорд Юнайтед»), Луис Кумас («Сток Сити»).
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы екі ойынға шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады.