Әлем чемпионатында Қазақстан гандбол құрамасы Бразилиядан да жеңіліп қалды

Бүгін гандболдан әйелдер құрамалары арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездесті, деп хабарлайды Kazіnform.

гандбол
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гандболшылар G тобында сынға түседі. Қарсыластары — Бразилия, Испания мен Украина.

Кездесу барысында бразилиялық гандболшылар жинақы қимыл көрсетті.

Нәтижесінде бірінші кезеңде олар 25:5 есебімен жеңді.

Екінші кезеңде де сол қарқында ойын көрсетті. Бұл кезеңде бразилиялықтар 11:21 есебімен басым түсті.

Кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласына 16:46 есебімен есе жіберді.

Енді ел құрамасы 3 желтоқсанда Украинамен кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық гандболшылар қарсыласынан 17:34 есебімен жеңіліп қалған еді. 

Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші — 2007 жылғы 18 орын.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 14 құрама жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Соңғы жаңалықтар