Әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошылар қай күні сайысқа түседі
АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстан астанасы Будапештте өтетін дзюдодан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуандары қай күндері сынға түсетіні белгілі болды.

Жарыстың алғашқы күні, 13 маусымда ел құрамасынан Әбиба Әбужақынва (48 келі), Ғалия тынбаева (48 келі), шерзад Давлетов (60 келі), Мағжан Шамшадин (60 келі) татамиге шығады.
Ал 14 маусымда Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) ел намысын қорғаса, 15 маусымда Есет Қуанов (72 келі), 16 маусымда Эсмигүл Куюлова (63 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), 17 маусымда Мейірлан Максим (90 келі) сайысқа түседі.
Сондай-ақ 18 маусымда Нұрлыхан Шархан (10 келі) және Марат Байкамуров (10 келі), 19 маусымда Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жүлдені сарапқа салады.
Дзюдодан әлем чемпионаты 13-20 маусым аралығында өтеді. Қазақстан сапынан елдің үздік 12 дзюдошысы бақ сынайды.
Дүбірлі додада 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласады.