Әлем чемпионаты: 1/4 финалдағы боксшылар жөнінен Қазақстан көш басында тұр

None
None
БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ширек финалға шыққан спортшылар жөнінен Қазақстан құрамасы көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, ел құрамасынан 1/4 финалға он боксшы шықты. Олардың қатарында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бар.

Бұл жөнінен сегіз боксшымен екінші орында Ресей тұр. Үшінші орындағы Өзбекстан, Куба, АҚШ құрамаларынан алты боксшыдан ширек финалға өтті.

Ал Үндістан мен Таиландта – бес, Әзербайжанда – төрт, Бразилия, Жапония, Сербия, Италия, Қырғызстан, Франция мен Түркияда – үш боксшы жарыстың аталған сатысында сынға түседі. Екі-екіден Моңғолия, Беларусь, Англия, Армения, Грузия және Эквадор, бір-бірден Венесуэла, Литва, Иран, Хорватия, Бельгия, Польша, Барбадос, Болгария, Финляндия, Германия, Тринидад және Тобаго, Шотландия, Иордания, Албания, Молдова, Ирландия, Колумбия, Мексика, Украина және Испания құрамалары үздіктерін ширек финалға қосады.

Ширек финал ойындары 2 қарашаға белгіленген.

Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар