Әлем чемпионаты: Бүгін әйелдер күресінен 4 қазақстандық бозкілемге шығады

Бүгін әйелдер күресінен төрт салмақта сайыстар өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар 57, 59, 68, 72 келі санатында сынға түседі.
Олардың қатарында еліміздің құрама сапынан Эмма Тисина (57 келі), Диана Каюмова (59 келі), Мәдина Бақбергенова (68 келі) және Жәмила Бақбергенова (72 келі) бар.
Бұған дейін еліміздің әйелдер құрамасынан Светлана Анкичева (50 келі), Жұлдыз Ешімова (53 келі), Марина Седнева (55 келі), Аяулым Қасымова (62 келі), Елена Шалыгина (65 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі) сынға түсіп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Еске салсақ, аталған әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали қола жүлде алды. Аталған медальдан кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 13-орынға жайғасты.
Фото: sports.kz