Әлем чемпионаты: қай елдің боксшылары жартылай финалға шықты
БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан спортшылар жөнінен Қазақстан құрамасы алғашқы орындарда тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысында ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серик Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) сынға түседі.
Қазақстан құрамасы бұл жөнінен Ресей және Кубамен шамалас тұр. Аталған елдерден де бес-бестен боксшы жартылай финалға жетті.
Сондай-ақ, жартылай финалда АҚШ пен Таиландта - төрт, Әзербайжан мен Францияда - үш, Өзбекстан, Жапония, Грузия, Беларусь пен Италияда - екі былғары қолап шебері финалға шығуға таласады. Ал Үндістан, Испания, Сербия, Албания, Украина, Шотландия, Иран, Доминикан Республикасы, Бельгия, Тринидад және Тобаго, Бразилия мен Армения еншісінде бір-бірден боксшылар бар.
Биыл әлем чемпионатында 41 елден 219 былғары қолғап шебері бақ сынауға келді. Олардың арасынан 14 мемлекет жүлделі орындарға таласуға мүмкіндік алды.
Жартылай финал 4 қарашада өткізіледі. Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.