Әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинадан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинадан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Аргентинадан басым түсті

Ел құрамасы 15-орын үшін сайыста Аргентинаны 10:8 есебімен тізе бүктірді.

Олар В тобында Испаниядан 5:24, Нидерландтан 2:30, Израильдан 6:17 есебімен жеңілсе, жарыстың келесі сатысында Қытайға 8:16 есебімен жол берді.

Одан кейін плей-офф сатысында Қытайға 8:16 есебімен жол берген еді.

Ал ерлер құрамасы 13-орын үшін сайыста Аргентинаға 7:11 есебімен жеңіліп қалды.

Олар А тобында АҚШ-тан 5:18, Австралиядан 6:22, Грекиядан 2:18 есебімен жеңіліп, төртінші орынды місе тұтты.

Одан кейін 13-16 орындар үшін сайыста Қытайды 5:12 есебімен тізе бүктірді.