Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатындағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Дүбірлі додада қазақстандық боксшылар 13 салмақта бақ сынайды.

Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды белгілі спортшылар бар.

48 келі. Санжар Тәшкенбай - Рабин Тхапа (Непал) / Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)

51 келі. Сәкен Бибосынов - Луис Дельгадо (Эквадор) / Дипак Бхория (Үндістан)

54 келі Махмуд Сабырхан - Довлет Муханов (Түрікменстан) / Иштван Сака (Венгрия)

57 кг. Серик Теміржанов - Илие Аргату (Молдова) / Абдул Батили (Мали)

60 келі. Талғат Сырымбетов - Сакда Руамтхам (Таиланд)

63,5 келі. Санатали Төлтаев - Ахмад Штиви (Израиль)

67 келі. Дулат Бекбауов — Сибонело Ндзиманде (Эсватини) — Андрей Мустет (Румыния)

71 келі Асланбек Шымбергенов - Денис Нурья (Албания) / Аарон Принс (Тринидад және Тобаго)

75 келі. Нұрқанат Райыс - Марсел Майнль (Австрия) / Дельгадо де лос Сантос (Доминикан Республикасы)

80 келі. Нұрбек Оралбай - Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан) / Шаббос Негматуллоев (Тәжікстан)

86 келі. Сағындық Тоғамбай - Мбели Нланду (Конго ДР)

92 келі. Айбек Оралбай - Радослав Панталеев (Болгария)

92 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Алексей Дронов (Ресей).

Әлем чемпионаты 1 және 14 мамыр аралығында өткізіледі. Финалдық кездесулер 13 және 14 мамырға белгіленген.

Еске салсақ, әлем чемпионатында жеңімпаз атанған қазақстандық боксшыларға 100 мың доллардан беріледі.