Әлем чемпионаты: Кениялық желаяқ қыз 1500 метрлікке жүгіруде алтын иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кениялық спортшы қыз Фаит Чепнгетич Кипьегон жеңіл атлетикадан Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында 1500 метрге жүгіру бойынша ақтық кезеңде жеңіске жетті.

Әлем чемпионаты: Кениялық желаяқ қыз 1500 метрлікке жүгіруде алтын иеленді

Екінші болып, одан 0,17 секунд қалып қойған америкалық Дженнифер Симпсон келді. Қола жүлдеге Симпсоннан 0,14 секундтан кейін келген оңтүстікафрикалық Кастер Семеня ие болды.

Әлемдік маусымның көшбасшысы голландиялық Сифан Хассан - бесінші (4.03,34).

Жеңіл атлетика. Әлем чемпионаты. Лондон, Ұлыбритания. 1500 метр.

1. Фаит Чепнгетич Кипьегон (Кения) - 4.02,59.

2. Дженнифер Симпсон (АҚШ) - 4.02,76.

3. Кастер Семеня (ОАР) - 4.02,90.