Әлем чемпионаты: Қос боксшы қыз қарсыластарына есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатында қос спортшымыз ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық Айжан Қожабекова 57 келі салмақта сынға түсті. Ол бүгін Голландия боксшысы Джемайма Бетрианмен қолғап түйістірді. Жекпе-жекте төрешілер голландиялық боксшының жеңіске жеткенін жариялады. Айжан бұдан бұрын микронезиялық Дженифер Чэнгті тізе бүктірген еді.

Тағы бір боксшымыз Ақерке Бақытжан (75 келі) да жарыстың келесі сатысына шыға алған жоқ. Ол бүгін голландиялық тағы бір боксшы Ноучке Фонтижнге жол берді. Спортшымыз бұған дейін тайпейлік Лин Лиден басым тсүкен болатын.

Естеріңізге сала кетелік, Әлем чемпионатына қазақстандық он боксшы барды. Олардың арасынан 3 қазанда Назым Қызайбай (51 келі) жапон спортшысы Намики Тсукимиден, Алуа Балқыбекова (48 келі) өзбекстандық Гүласал Султоналиевадан жеңіліп қалған еді.

Бағдарламаға сәйкес, 3-8 қазан аралығында іріктеу жекпе-жектері өтеді. 9 қазанда спортшылар жарыстың 1/8 финалында сынға түседі. 10 қазанда - ширек финал, 12 қазанда ақтық кездесулер болады. Ал 13 қазанда финалдық жарыстар өтіп, жеңімпаздар анықталады.

Соңғы жаңалықтар