Әлем чемпионаты: Усэйн Болт жүз метрлікте «қоланы» қанағат тұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ямайка  спринтері Усэйн Болт 100 метрлікке жүгіруде 2013 жылдан бастап алғаш рет бірінші болып келе алмады. 
None
None

 Лондонда әлем чемпионатында  Болт екі америкалық жүйрікке есе жіберіп,  "қола" иеленді.  

Бірінші болып америкалық  олимпиада чемпионы Джастин Гэтлин (9,92  секундта) мәре сызығын қиды. Екінші - Кристиан Коулмэн (9,94 секундта).  Ал Усэйн Болт  қашықтықты небәрі 9,95 секундта еңсерді.

Джастин Гэтлин  Афиныда 2004 жылғы Олимпиадада жеңіске жеткен болатын, содан кейін ұзақ уақыт допинг үшін жарыстан шеттетілді.  Қазір жасы 35-те.

Соңғы жаңалықтар