19:37, 27 Тамыз 2017 | GMT +5
Әлем чемпионаты: Жомарт Ержан ширек финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Жомарт Ержан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық спортшы филиппиндік Роген Ладонмен қолғап түйістіріп, оны 4:1 есебімен ұтты.
Енді Ержан 29 тамызда ширек финалда өнер көрсетеді.