Әлем чемпионатында Оңтүстік Америка мен Еуропа құрамалары он бірінші мәрте кездеспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионатының финалында Оңтүстік Америка және Еуропа құрлығы өкілдері он бірінші мәрте кездесіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатында Оңтүстік Америка мен Еуропа құрамалары он бірінші мәрте кездеспек

Айта кетсек, бүгін, 18 желтоқсанда финалда Аргентина - Франция құрамаларының кездесуі болады. Ойын елорда уақытымен 21:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейінгі 10 кездесудің 7-інде Оңтүстік Америка құрлығының өкілдері жеңіске жетсе, қалғанында еуропалық құрамалардың мерейі үстем болды.

Қос құрлық арасындағы бәсекеде Бразилия бес мәрте жеңіске жетті. Олар 1958 жылы Швецияны 5:2, 1962 жылы Чехословакияны 3:1, 1970 жылы Италияны 4:1, 1994 жылы пенальтиден 3:2 (негізгі кезеңде 0:0) есебімен жеңді. Ал 2002 жылы Германияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал қос құрлықтың бәсекесінде Аргентина мен Германия 2, Франция 1 мәрте жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, 1950 жылы бас жүлде иесі топтық кезеңде белгілі болса, қалғанында еуропалық құрамалар өзара жеңімпазды анықтады.

Еске салсақ, бұдан бұрын қола жүлде иесі анықталды.


ФОТО: DAVID RAMOS/GETTY IMAGES