Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжановқа жерлестері бес бірдей тұлпар тарту етті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Будапеште өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжановқа туған жері - Сырым ауданы Бұлдырты ауылында құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null
Н.Бекжановты осынау үлкен табысымен аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтап, оның бұл жеңісі кейінгі жас жеткіншектерге де жұғысты болсын деген игі тілегін білдіріп, иығына шапан жауып, астына ат мінгізді. Атақты палуан, еркін күрестен КСРО чемпионатының жүлдегері, көптеген жарыстардың жеңімпазы Сайлау Мұқашевтің шәкірті Бауыржан Бегайдаров та қазіргі таңда қазақ спортының туын биікке көтеріп жүргендердің бірі Нұрлан Бекжановқа шапан жауып, тұлпар тарту етті. Сырымдықтар қазақ палуандары арасында күрестің осы түрінен әлем чемпионатының финалында тұңғыш өнер көрсеткен Н.Бекжановқа барлығы бес арғымақ сыйлады.

null  

Жерлестерінің ықылас-пейіліне риза болған палуан алдағы уақытта да Қазақ елінің намысын ірі додаларда қорғай беретінін жеткізді.

Айта кетейік, Бұлдырты ауылында туып-өскен Нұрлан Бекжановтың алғашқы бапкері Асқар Саукелин болса, Астана қаласындағы қазіргі жаттықтырушысы - Асқар Әбдірашев.

null null  

Соңғы жаңалықтар