ALEM FEST 2025: Астанада өтетін іс-шара кезінде қайда көлігіңізді қоюға болады

Елордада 13 шілде күні ауқымды музыкалық фестиваль – ALEM FEST 2025 өтеді. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары өз автокөліктерін іс-шара өтетін орынға жақын маңдағы тұрақ алаңдарына қоя алады. 

ALEM FEST 2025: Астанада өтетін іс-шара кезінде қайда көлігіңізді қоюға болады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Көлікті келесі орындарда қоюға болады:

«Астана Арена» стадионы аумағында, «Алау» мұз сарайының маңында, «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында, «Сарыарқа» велотрегінде, Ботаникалық бақ жанында — Бұқар жырау және Орынбор көшелері жақтан, Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында және басқа да рұқсат етілген тұрақ орындарында.

Фестиваль қонақтары үшін әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың өнер көрсетеді. Шақырылған әртістер қатарында Craig David, Sadraddin, Ёлка, Alem, IOWA, Банд’Эрос, Доминик Джокер, DJ Groove бар.

ALEM FEST – Қазақстандағы оқиғалы туризмді дамытуға үлес қосатын ірі мәдени жоба.

Фестиваль көрермендері жеке автокөліктің орнына қоғамдық көлікпен келгені жөн.

Айта кетелік ASTANA TRIATHLON half турниріне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелетіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар