Әлем қорғаныс саласына орасан зор қаржы жұмсап жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылы жаһандық әскери шығындар 2,9 пайызға өсті. Енді жер шарындағы әрбір тұрғынға шаққанда орта есеппен 350 доллардан «қорғаныс» шығыны тиесілі. Бұл бағытта АҚШ көш бастап тұр — олардың әскери бюджеті келесі алты елдің жиынтық шығынынан да асып түседі, деп хабарлайды Aljazeera.
Әскери шығындар бойынша алғашқы бестік:
• АҚШ — 954 млрд доллар
• Қытай — 336 млрд доллар
• Ресей — 190 млрд доллар
• Германия — 114 млрд доллар
• Үндістан — 92 млрд доллар
Соңғы жылдары Еуропада қорғаныс шығындары күрт артқан. 2016 жылдан бері бұл көрсеткіш екі есеге көбейсе, Шығыс Еуропада 173 пайызға дейін өскен.
Жан басына шаққандағы әскери шығын өсімі бойынша Қатар, Израиль, Норвегия және Украина алдыңғы қатарға шықты.
Осыған дейін Түркияның қорғаныс көрмесінен түскен табысты дрон орталықтарын дамытуға жұмсайтыны туралы жадық.