Әлем кубогы: Аида Абикеева ширек финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 2 шілдеде ел құрамасынан Аида Абикеева (65 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Аида Абикеева ширек финалға жолдама алды
Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық былғары қолғап шебері бұл жолы англиялық Дион Бёрманмен қолғап түйістірді.
Алғашқы жекпе-жегінде ол әлем кубогының жеңімпазы Дионе Бурманы жеңді.

Айта кетсек, Аида Әбікеева — 2024 жылығы Азия чемпионы. Бұған қоса осы жылы Ниште (Сербия) әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Қазірге дейін ел құрамасынан бүгін, 2 шілдеде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал Гүлсая Ержан (80 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Енді ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) сайысқа түседі.

Соңғы жаңалықтар