Айбек Оралбай Әлем кубогының чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Айбек Оралбай Германия боксшысын 5:0 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Айбек Оралбай стал победителем чемпионата Азии по боксу
Фото: ҰОК

Әлем чемпионы, аса ауыр салмақта басты фаворит саналатын Айбек Оралбай финалда Германия боксшысы Никита Путиловпен күш сынасты.

3 раундқа жалғасқан бәсекеде отандасымыз төрешілердің назарын аудартып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос боксшы 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогының финалында да айқасып, Айбектің мерейі үстем болған еді.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

½ финал. Жоел Рамос — 3:2

¼ финал. Мэтью Уильямс — 5:0

1/8 финал. Нажай Райт — 5:0

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысын жеңіп, алтын медаль иеленгенін жаздық.