Әлем кубогы: Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін Ертуған Зейнуллинов (65 келі) жартылай финалға шықты.

Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық боксшы ширек финалда франциялық Хюго Граумен шаршы алаңға шықты.

Ертуған жартылай финалға шығу үшін франциялық Уго Граумен өзара мықтыны анықтады.

Франция өкілі бірінші раундта басымдық танытты. Алайда, Ертуған Зейнуллинов жекпе-жектің екінші және үшінші бөлімінде керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңіске жетті.

Осылайша ол жартылай финалға жолдама алды.

Қазірге дейін ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі),

Аида Әбікеева (65 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді ел құрамасынан ширек финалда Сағындық Тоғамбай (90 келі) түркиялық Емра Ясармен шеберлік байқасады.

Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар