Әлем кубогы: Қазақстан бокс құрамасынан бүгін кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогы ширек финалында бүгін, 3 шілдеде ел құрамасынан кімдер шығатыны белгілі болды.

Әлем кубогы: Қазақстан бокс құрамасынан бүгін кімдер шығады
Фото. Қазақстан бокс федерациясы

Күндізгі сессия қазақстандық уақытпен 14:00, кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Күндізгі сессия

3 жұп (А рингі). Әйелдер. 70 келі. Наталья Богданова - Барбара Мария дос Сантос (Бразилия)
5 жұп (В рингі). Ерлер. 60 келі. Серік Теміржанов - Сунсукэ Китамото (Жапония)
10 жұп (А рингі). Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай - Лакшья Чахар (Үндістан).

Кешкі сессия

2 жұп (В рингі). Әйелдер. 57 келі. Айдана Забынбекова - Алисса Мендоса (АҚШ)
3 жұп (В рингі). Ерлер. 55 келі. Махмуд Сабырхан - Аарон Джуд Бадо (Филиппин)
6 жұп (В рингі). Ерлер. 75 келі. Сабыржан Аққалықов - Джошуа Офори (Канада)
8 жұп (А рингі). Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Диего Ленци (Италия).

Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.

Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар