Әлем кубогы: Қазақстан медальдар кестесінде бірінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өткен World Boxing аясындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде бірінші орын алды.

Әлем кубогы: Қазақстан медальдар кестесінде бірінші орын алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әлем кубогы 30 маусым-6 шілде аралығында Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Онда 30 елден 300-ге жуық боксшы сынға түсті. Беделді бәсекеде Қазақстан құрамасы 16 салмақта жүлде тұғырынан көрінді. Оның ішінде ерлер құрамасы -5 алтын, 1 күміс, 2 қола алса, әйелдер құрамасы - 3 алтын, 3 күміс,2 қолаға қол жеткізді.

Ел құрамасынан Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Назым Кызайбай (48 келі), Виктория Графеева (60 келі) және Наталья Богданова (70 келі) чемпион атанды.

Күміс жүлдеге Нұрбек Оралбай (80 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Надежда Рябец (75 келі) және Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) күміс алса, Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындык Тоғамбай (90 келі), Айдана Забынбекова (57 келі) және Аида Әбікеева (65 келі) үздік үштікті түйіндеді. 

Жалпы жүлде кестесі:

  1. Қазақстан - 8 алтын, 4 күміс,4 қола
  2. Бразилия - 4-2-1
  3. Үндістан -3-5-3
  4. Аустралия -1-1-1
  5. Өзбекстан - 1-0-4
  6. Франция - 1-0-3
  7. Финляндия - 1-0-0
  8. Норвегия -1-0-0
  9. Түркия - 0-2-6
  10. Жапония - 0-1-2
  11. АҚШ - 0-1-2
  12. Моңғолия - 0-1-1
  13. Болгария - 0-1-1
  14. Германия - 0-1-1
  15. Филиппин - 0-1-0
  16. Әзербайжан - 0-0-3
  17. Англия - 0-0-3
  18. Нигерия - 0-0-1
  19. Польша - 0-0-1
  20. Тайпей - 0-0-1
  21. Доминикан - 0-0-1
  22. Қырғызстан - 0-0-1

Енді шешуші финалдық кезең 15-22 қараша күндері Үндістанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар