Әлем кубогы: қазақстандық боксшылардың 16 маусымдағы нәтижесі қандай
АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші күні мәресіне жетті.
Бұл күні ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шықты.
Оның төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, екеуі қарсыластарына есе жіберіп қойды.
65 келі. 1/16 финал.
Санатәлі Төлтаев - Малик Хасанов (Әзербайжан) - 2-раундта қарсыласының жарақат алуына байланысты келесі кезеңге өтті.
Қос боксшы да алма кезек шабуылдармен алмасып, шиеленісті жекпе-жек өткізді. Бірақ 2-раундта Әзербайжан өкілі қабағынан жарақат алып, жеңіс Санатәлі Төлтаевқа берілді.
75 келі. 1/8 финал. В рингі.
Тимур Нұрсейітов - Тадхг Одонелл (Ирландия) - 3:2
Тимур Нұрсейітов 1/8 финалда Ирландия спортшысы Тадхг Одонеллмен шеберлік байқасты.
Қос боксшы да бір-бірінің шабуылын күтіп, айқас 3 раунд бойы аңдысумен өтті. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.
54 келі. 1/8 финал. А рингі.
Назым Қызайбай - Им Э Джи (Оңтүстік Корея, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) - 5:0
3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай 1/8 финалда осы салмақтың басты фавориттерінің бірі, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джимен (Оңтүстік Корея) жолықты.
Отандасымыз 3 раундта да басымдық танытып, 4:1 есебімен басым түсті.
70 келі. 1/8 финал.
Лаура Есенкелді - Униа Мартинез Мас (Испания) - 5:0
Қазақстан чемпионы, 70 келіде алғаш рет жұдырықтасуға шешім қабылдаған Лаура Есенгелді 1/8 финалда Униа Мартинез Маспен (Испания) кездесіп, еш қиындықсыз барлық раундты өз еншісіне жазды. Есеп: 5:0.
55 келі. 1/16 финал. А рингі.
Тимур Қабдешов - Келви Триндад (Бразилия) - 1:3
Тимур Қабдешов 1/16 финалда Бразилия боксшысы Келви Триндадпен жұдырықтасты.
3 раундқа жалғасқан бәсекеде төрешілер 3:1 есебімен Келви Триндадты жеңімпаз деп тапты.
90 келі. 1/4 финал.
Нұрбек Оралбай - Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан, Әлем чемпионы) - 2:3
Қос боксшы да алғашқы раундтан аянып қалмай, ауыр соққыларымен алмасып отырды. Нәтижесінде жекпе-жектің шешуші раундында Өзбекстан боксшысы дәлдік танытып, жеңісті өз жағына бұрды.