Әлем кубогы: Нұрбек Оралбай алтын медальға таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бүгін 80 келіде жартылай финалға жолдаманы сарапқа салу керек болған.

Нұрбек Оралбай
Фото: ҚР Бокс федерациясы

Бокс федерациясы мәліметінше, оның қарсыласы түркиялық Мерт Айбуга жекпе-жектен бас тартуына байланысты жерлесіміз бірден финалға жолдама алды.

Нұрбек Оралбай финалда Франция елінің өкілімен алтын медальға таласады.

Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 5 шілдеде жартылай финалда ел құрамасынан кімдер шығатыны белгілі болды.

Күндізгі сессия қазақстандық уақытпен 14:00, кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Соңғы жаңалықтар