Әлем кубогы: Сағындық Тоғамбай қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдегер атанды.

Сағындық Тоғамбай қола жүлдегер атанды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ол жартылай финалда түркиялық Емра Ясармен финалға жолдаманы сарапқа салды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша, Сағындық Тоғамбай қарсыласына есе жіберді. Осылайша ол әлем кубогының қола жүлдесіне ие болды.

Ел құрамасынан 4 шілдеде Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал 3 шілдеде Наталья Богданова (70 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жарыстың келесі сатысына шықты.

Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар