Әлем кубогы: Виктория Графеева қарсыласын нокдаунға жіберіп, чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Виктория Графеева (60 келі) чемпион атанды.

Виктория Графеева
Фото: ҰОК

Ақтық сайыста қазақстандық бразилиялық Ребека де Лима Сантоспен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек аса тартысты жағдай өтті. Алғашқы раунд бразилиялық басым түссе, екінші раундта Виктория жеңіске жетті. Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберді.

Төрешілер жеңісті Викторияға берді. Осылайша ол әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Енді финалда Алуа Балқыбекова (51 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Надежда Рябец (75 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдені сарапқа салады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Ал Нұрбек Оралбай (80 келі) финалда франциялық Йожерлен Сезарға есе жіберіп, күміс медаль алды.

Ал ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар