Әлем кубогында қанша елдің боксшылары финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында финалға қанша елдің боксшылары шыққаны белгілі болды.

Әлем кубогында қанша елдің боксшылары финалға шықты
Фото: ҰОК

Финалға қазақстандық он екі боксшы жолдама алды. Оның ішінде 6-уы ерлер, 6-уы әйелдер құрамасының еншісіне тиеді.

Сондай-ақ финалда Үндістан - 8, Бразилия - 6, Түркия мен Аустралия - 2, Филиппин, Франция, Моңғолия, АҚШ, Финляндия, Норвегия, Жапония, Болгария, Германия, Өзбекстан - 1 боксшына сенім артады.

Бокстан әлем кубогының финалы 6 шілдеде елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында сағат 14:00 және 19:00-де өтеді. 

Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.

Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар