Әлем кубогында қанша елдің боксшылары жартылай финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында жартылай финалға қанша елдің боксшылары шыққаны белгілі болды.

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан дүбірлі додада 18 салмақта жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлері анықталды.
Қазірге дейін өткен 2 әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша 22 елдің өкілдері жүлделі орындарға қол жеткізген еді. Ал Астана төрінде Әзербайжан, Жапония, Доминикан Республикасы, Қырғызстан, Нигерия, Филиппин алғаш рет медаль иегері атанды.
Жартылай финалға Қазақстан атынан 14 боксшы шықса, Үндістан - 10, Бразилия мен Түркия - 6, Өзбекстан - 4, Аустралия, Әзербайжан, Франция, Англия, Жапония, АҚШ 3 былғары қолғап шеберіне үміт артады. Ал Германия, Моңғолия, Болгария - 2, Финляндия, Тайпей, Норвегия, Доминикан Республикасы, Қырғызстан, Нигерия, Филиппин мен Польша 1 спортшысын қосып отыр.
Сондай-ақ финалға Қазақстан, Үндістан, Түркия және Бразилия бір-бірден боксшысын шығарды.
Қазірдің өзінде Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Франция бір-бірден қола жүлдеге ие болды.