14:00, 28 Наурыз 2025 | GMT +5
Әлем кубогының кезеңіне қатысатын бұрымды боксшылар анықталды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер штабы Бразилияда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл беделді халықаралық турнирде еліміздің намысын үш боксшы қорғайды. Олар: Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі).
Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін дейін Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына бокстан еліміздің құрамасы қалай дайындалып жатқаны туралы түсінік берген болатын.