Әлем кубогы: Су добынан Қазақстан құрамасы Израильмен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін су добынан әйелдер арасындағы әлем кубогы жартылай финалында Қазақстан құрамасы Израиль командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: sports.kz

Әлем кубогының іріктеу кезеңі Германия астанасы Берлин қаласында өткізілді. Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшылар Германияны 11:7, Ұлыбританияны 15:7 есебімен тізе бүктірді.

Ал, үшінші кездесуінде Жаңа Зеландияға 8:15 есебімен жол берді. Қарсыластар В тобында алғашқы екі орында тұрған еді. Жеңген жағдайда аталған топта бірінші орынға жайғасуға мүмкіндік алатын. Бұл жағдайда жартылай финалда А тобында екінші орын алған құрамамен кездесетін.

Дегенмен, жеңілгеннен кейін қазақстандық спортшылар А тобында көш бастаған Израильге қарсылас атанды. Жеңімпаз құрама әлем кубогы финалдық сатысына барады.

Тағы бір жолдаманы Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Африка сарапқа салады.

Әлем кубогының финалдық сатысы 23-25 маусым күндері АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында болады.

Еске салсақ, су добынан Азия чемпионатында еліміздің ерлер және әйелдер құрамалары қола жүлде алды.


Соңғы жаңалықтар