Әлем - жаңа тұмау

АСТАНА.  Қарашаның  5-і.  ҚазАқпарат   - А/H1N1    тұмауы алғаш рет мысықтан  анықталды,  делінген  американдық ветеринарлық   қоғамдастықтың  сәрсенбі күні  таратылған  мәлімдемесінде.
None
None

 «Доңыз тұмауынан»   Айова  штатындағы  үй  мысығы  зардап шегіп  отыр.    Мысық    тұмауды  үй  иелерінің бірінен жұқтырып алса керек,  дейді   мамандар.

 «Мысық тұратын    отбасының екі немесе  үш мүшесі,  мысықтың  алдында  ғана     вирустық аурумен   ауырып тұрған   екен», деп хабарлады     журналистерге  штаттың  денсаулық сақтау    департаментінің ветеринары Энн Гарви.

 Бұл    мысықтың  «доңыз  тұмауын»  жұқтыруының   алғашқы тіркелген   оқиғасы.

 «Ауырған  адамдардың     жанында  жүрген     үй  жануарлары  да      ауру  жұқтырып алуға   бейім, сондықтан  да    олардың да  денсаулығын  бақылау  керек», дейді  штаттың  бас    ветеринары  Дэвид Шмитт. 

 Осыдан  екі  апта бұрын  АҚШ Ауыл шаруашылығы   министрлігі А/H1N1   вирусымен       доңыздардың ауыру  фактісін   растаған  болатын.

Соңғы жаңалықтар