ӘЛЕМ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫС: Түбегейлі жаңа әлемдік қаржы-валюта жүйесін қалыптастыру бойынша диалогқа кірісу қажет - V Астана экономикалық форумына қатысушылар

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - 2012 жылдың мамырында өткен V Астана экономикалық форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана форумы өзінің ма­ғы­насына сәйкес жаһандық даму проблемаларына кең ауқымды «еуразиялық көзқарасты» біл­діре­тін пікір тарату мекеніне айналғандығын баса айтқан болатын.
None
None

«Бұл ХХІ ғасырдағы жаңа геоэкономикалық ақиқатқа айналып отырған табысты қызметі­міз­дің бастауы - Қазақстан, Ресей және Беларусь Біртұтас эко­номикалық кеңістігі құрылып отыр­ған сәтте біз үшін ерекше ма­ңызды. Бесінші Астана эко­но­микалық форумы қазіргі заман­дық әлемтанудың, жаһандық экономиканы реформалау идеяларын алға жылжытудың жаңа па­рағын ашатындығына сенімдімін», - деп атап өткен еді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзі араларында танымал экономист ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, халықаралық институттардың өкілдері, тәжірибесі мол мемлекет қайраткерлері, жетекші сарапшылар мен іскерлік топтардың өкілдері бар форум қатысушыларына зор әсер еткен болатын.

Н.Назарбаевтың идеялары әлемдік экономиканың дамуы жөніндегі «G20» елдері көшбасшылары үшін Форум аясында қабылданған ұсыныстарда көрініс тапты. Оның негізін Қазақстан Президенті ұсынған G-GLOBAL-дың басты 5 принципі құрайды. Ұсыныстың маңызды бөлігі «Экономикалық өсімге жәрдемдесу мақсатында қаржы жүйесі мен қаржылық ықпалдасуды нығайту» болып табылады. Мұнда соңғы жиырма жылдың ішінде отбасы, фирма және қаржылық делдалдар үшін заемді капиталды шектен тыс пайдалануды ұлғайту қаржылық делдалдықты эволюциялағандығы аталып өтілген. Салық жүйесі үлестік қаржыландыруды кемсіте отырып және ипотекалық несиелеу жолымен баспаналы болуды кеңейтіп, заемдік капиталды пайдалануды байыту тенденциясын қалыптастырды. Дегенмен, заемдік капиталды шектен тыс пайдалану 2008 жылы әлемдік қаржы дағдарысының туындауына әкеліп, заемдік қаржы үлесінің қысқаруы дағдарыстан кейінгі қалпына келу қарқынының баяулауын түсіндіретін жайттардың бірі болды.

Сондықтан V Астана экономикалық форумына қатысушылары мыналарды ұсынады: әрбір ел кедейлігіне, шағындығына және географиялық тұрғыда қашықта болуына тәуелсіз әрбір отбасы мен бизнесті толығымен қамти отырып, банк жүйесіндегі төлем қызметтерін көрсетуді нығайтуы қажет. Бұл ретте банктік есепшоттар және электронды қаражаттар арқылы жасалған төлемдер қаржы қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту, салық және аударым жүйесіндегі ашықтық пен тиімділікті арттыру үшін қажетті алғашқы қадам болмақ. Осы себепті төлем жүйесін ұсыну қоғамдық игілік ретінде қарастырылуы тиіс әрі қаржылық ресурстардың пайдалануын ақтайды. Сондай-ақ халықтың банкте сақтаулы тұрған жинақтарын қорғау үшін мемлекеттік кепілге айналады. Бұдан әрі ақылға сыйымды тәуекелдерді бағалау негізінде кредиттеуге қол үшін беру ұсынылады. Сонымен қатар депозитарлық банктердің екі негізгі қызметке, атап айтқанда, брокерлік пен капитал нарығындағы делдалдыққа бөлінуін күшейтуге кеңес береді. Облигацияларды немесе акцияларды сатып алуға дайын салымшылар мен капитал нарығы арқылы қаржыландыруды талап ететін фирмалар арасындағы қаржылық делдалдық депозитарлық банктер қызметінің екі басқа да негізгі түрлерінің қызметінен жеке болуы тиіс. Бұл депозитарлық банктердің салымшы мен заемшы арасындағы төлем қызметтерін жеткізуші және қаржылық делдал рөлін орындау қабілеттілігі тәуекелінен қашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар форум қатысушылары «G-20» көшбасшылары есіне Еуроаймақ ортақ реттеуге және қаржылық ұйымдарды қадағалауға ие болуы керектігін, ал ұлттық әрі өңірлік реттеу және қадағалау жүйелері регулятивті арбитраждан жалтару үшін үлестіруге жәрдем беру мақсатында балама принциптер ме тұжырымдамаларға негізделуі тиістігін салды.

Ипотекалық кредиттеу негізінде баспаналы болуды ынталандыру үшін салықтық ынталандырулар алынып тасталуы тиіс және соңғы қорытындыда үй шаруашылықтарына жарналарды арттыру мақсатында аванстық субсидияларға алмастырылады. Табысы төмен отбасылардың, шағын және орта кәсіпорындардың қаржылық ықпалдасуы олардың операциялары мен табыс көздері туралы сапалы ақпарат көздері арқылы жеңілдетілуі қажет.

Қаржыға қатысты келесі бөлім - «Өзара байланысты әлемде халықаралық қаржылық архитектураны жақсарту». Форум қатысушыларының пайымынша, әлемдік экономиканың дағдарыстан кейінгі қалпына келуі тұрақсыз сипатқа ие әрі қаржы нарығындағы тұрақсыздық сақталып отырған жағдайда өтуде. 2008-2009 жылдардағы жаһандық қаржы дағдарысының туындауына түрткі болған әлемдік қаржы-валюта жүйесінің іргелі кемшіліктерінің көпшілігі әлі де жойылған жоқ. Сондықтан да бірінші ұсыныс - бұл жаңа әлемдік қаржы-валюта жүйесі. Әлемдік деңгейде бірнеше валютаның резервтік рөлге ие болатын мұндай қаржы-валюта жүйесінің эволюциясы күтілуде. Түбегейлі жаңа әлемдік қаржы-валюта жүйесін қалыптастыру бойынша диалогқа кірісу ұсынылады. Форум әлемдік резервтік валюта эмитенттеріне талап белгілеуге кеңес береді.

Тағы бір ұсыныс - халықаралық қаржы институттарын реформалау. Бүгінде жұмыс істеп тұрған көптеген халықаралық ұйымдар 20 ғасырдың екінші жартысында құрылғаны және олар әлемдік дағдарысты еңсере алмағандықтары әрі ағымдағы жүзжылдықтағы сипаты жаңа сын-қатерлерге тиісінше жауап бере алмағандықтары айтылады. Олардың реформалануы бұл институттарға жаһандық реттеуші ұлтүстілік функциясы бойынша бірқатар өкілеттіктер берер еді.

Сондай-ақ форум қатысушылары «үлкен жиырмалық» елдері көшбасшыларына әлемдік валюта реттеудің тұрақты жұмыс істейтін органын құру туралы ойлануға кеңес береді.

V Астана экономикалық форумы алаяқтық капитал ағынын шектеуді де ұсынады. Сондай-ақ «көлеңкелі» банк секторын реттеу және бақылау қажет. Қабылданған қаржылық реттеу мен бақылаудың басты кемшілігі қаржы жүйесінің басым бөлігі «Базель-3» қызметі аясынан тыс қалып отыр. Сонымен бірге рейтингтік агенттіктердің рейтингі мен қызметін айқындайтын халықаралық стандарттарды енгізу де ұсынылады.

VI Астана экономикалық форумын 2013 жылдың 22-24 мамыр күндері өткізу жоспарланған. Алқалы жиында жаһандық экономика дамуының негізгі бағыттары жан-жақты талқыға салынатын болады.

Соңғы жаңалықтар