Әлем жұлдыздары қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге аты әйгілі тұлғалар мен Қазақстаннан қоныс аударған түрлі диаспора өкілдері жер шарының түкпір-түкпірінен Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Ізгі тілек жолдаушылардың арасында әйгілі Daniel аяқ киімдер желісімен танылған Малайзияның дизайнері Джимми Чу да бар.


«Баршаңызға құтты наурыз тілеймін және Қазақстан тәуелсіздгінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз қарсаңында барлық қиыншылықтар артта қалып, Жаңа жылда бәрі жаңарады», - деді әйгілі дизайнер.

Ал қазақ эстрадасының той әндерін Германияда насихаттау арқылы танымал болған бұрынғы отандасымыз Пауль Фридрих пен Ольга Каспер қазақ және орыс тілдерінде жүрекжарды тілектерін айтып, «Шудың бойында» әнін музыкалық сәлем етіп жолдады.

Болливуд жұлдызы Рахул Кханна да әз Наурызға орай ең ізгі тілектерін арнапты.

«Наурыз мерекесіне орай барша қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақыт, қуаныш және береке тілегім келеді. Жыл бойы дастархандарыңыз астан арылмай, молшылық серік болады деп үміттенемін. Баршаңыз үшін Наурыз айы табысты әрі берекелі болсын! Жаңа жылдарыңызбен», - дейді актер.

Қазақстанда туып, Германияның заң шығарушы институтында табысты еңбек етіп жүрген Солтүстік Рейн Вестфалияның қалалық округтік және жер Парламентінің депутаты Хайнрих Цертик те Ұлыс күні ерекше мейрам екенін атап өтті.

«Біраздан кейін Наурыз мейрамы кіреді. Бұл ерекше мейрам. Бұл – көктемнің, бақыттың, бейбітшілік пен береке-бірліктің мейрамы. Мен Қазақстанның тумасы ретінде сіздерге шын жүректен барлық жақсылықтарды тілеймін. Гүлдене беріңіздер, дами беріңіздер», - деді германиялық депутат.

Құттықтаушылар арасында Сингапурдегі Gardens by the Bay саябағының бас директоры, экологиялық дизайнер Феликс Ло да бар.


Соңғы жаңалықтар