Әлемде 265 аудармасы бар Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасының» француз тілінен тікелей аудармасы кітап болып жарық көрді

«Бұл кітап Қазақстандағы Француз жыл аясында жарық көріп отыр. Ол француз мәдениетін қазақ тілінде насихаттау мақсатында шығарылып отыр. Француз альянсы директорының орынбасары Жанар Қонаева аударған «Кішкентай ханзадаға» биылғы жылы 70 жыл толды. Ол алғаш рет 1943 жылы ағылшын, француз тілдерінде басылып шығарылды. Ол - ең көп аударылған діни емес кітап. Оның 265 дана аудармасы, 1300 басылым мен 145 миллион сатылған көшірмелері бар», - дейді Францияның Алматыдағы бас консулы Патрик Ренар.
Ал «Атамұра» корпорациясының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммедтің айтуынша, «Кішкентай ханзада» кітабы балаларға арналғанымен, оқып отырған кезде үлкендерді де ойға қалдыратын тұстары баршылық. Бұл кітапты шығарудағы негізгі мақсат - екі елдің арасындағы қарым-қатынасты ары қарай жақсарту. Одан қазақ баспагерлерінің деңгейін байқауға болады. Оның мазмұны қандай болса безендірілуі де соған сай.