Әлемде астық бағасы көтерілді

АСТАНА.  16 қазан. ҚазАқпарат -Әлемдегі құрғақшылық салдарынан астық көлемі өткен маусымға қарағанда 38 млн. тоннаға кем болып отыр. 
None
None

Бұл туралы бүгін егін орағы науқаны бойынша селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.

Оның айтуынша, астық жөніндегі халықаралық кеңестің қыркүйек айында жасаған есебінде "дүниежүзіндегі қуаңшылықтың салдарынан 2012-2013 маркетинг жылдардағы әлемдік бидай өндіру көлемі 657 млн. тоннаға дейін төмендеді, бұл өз кезегінде өткен маусымға қарағанда 38 млн. тоннаға кем" делінген. Осының нәтижесінде шілде айына қарағанда тауар биржасында баға жоғарылады. Яғни, Чикаго биржасында 21 АҚШ долларына, Парижде 33 АҚШ долларына көтеріліп, қыркүйектің бірінші онкүндігінде сәйкесінше 319 және 337 АҚШ долларын құрады.

Ал, Қазақстандағы ішкі баға шілде айымен салыстырғанда 155 доллардан 280 долларға дейін  көтерілді. Бұл өз кезегінде 42 мың теңгені құрап отыр. Ал, Қаратеңіз порттарында 270-тен 350 долларға дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар