Әлемде экономикалық тапшылықтан гөрі келісім мен бірліктің жетіспеушілігі сезіледі ? М. Құл-Мұхаммед

АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазіргі таңда әлемде экономикалық тапшылықтан гөрі келісім мен бірліктің жетіспеушілігі сезіледі.
None
None
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне мүше елдердің этномәдени бірлестіктерінің форумына қатысушыларымен кездесуі барысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚақАқпарат. «Қазіргі таңда Азияда орын алып отырған екі проблема: қауіпсіздік пен келісім орнықты шешімін тауып келеді. АӨІСШК ұйымының мақсаты да нақ осы мәселелерді шешуге бағытталады. Шындығында, бүгінгі күні әлемде экономикалық тапшылықтан гөрі келісім мен бірліктің жетіспеушілігі сезіліп тұр. Бұл мәселе, ең алдымен көпұлтты мемлекеттерде айқын көрінеді. Әрине, көпұлтты ел болу мемлекеттің жанды жері, бірақ Қазақстан Мемлекет басшысының ұстанған саясаты дәл осы мәселені еліміздің басты байлығына айналдырып отыр», деді М. Құл-Мұхаммед. Сонымен бірге, министр көпұлттылық басымдықтың бірқатар мысалдарын алға тартты. Оның айтуынша, бүгінгі күні елімізде 2 мың 810 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет етсе, оның 36 пайызы орыс тілінде, 18 пайызы қазақ тілінде, ал басқа тілдердегі баспасөз 13 пайызды құрайды. Ал қазақстандық телеарналар 12 тілде хабар таратады. Сондай-ақ, еліміздегі 50 шақты театрдың жартысына жуығы орыс тілді болып отыр. «Тағы бір мысал ? екі Корея мемлекетінің байланысын қамтыған және осы елдердің шет мемлекеттегі тіршілік ететін жалғыз корей театры да Қазақстанда орналасқан. Сондай-ақ, елімізде сабақтары өзбек, тәжік, ұйғыр, украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 білім ошағында 22 ұлт тілі жексенбілік мектептерде оқытылады. Осылайша, біз республикамызда барлық тілдердің үйлесімді тіршілік етуін қамтамасыз етіп отырмыз», - деді М. Құл-Мұхаммед.
Соңғы жаңалықтар