Әлемде еңбек мигранттарының құқығы жиі бұзылады

АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әлемнің көптеген елдерінде еңбек мигранттарының құқығы жиі бұзылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыдағы «Нұр Отан» ХДП филиалында өткен «Қазақстандағы көші-қон үрдістері және гендерлік құрамды есепке ала отырып еңбек етуші мигранттарды әлеуметтік біріктіру» атты дөңгелек үстел мәжілісі барысында айтылды.

«Халықаралық еңбек миграциясы әлемдік жаһанданудың айырылмас бөлігі болып табылды. Миграция адамдарға өз құқықтары мен мүмкіндіктерін көбейтуге, жеке және кәсіби әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Алайда бұл салада шешуін табатын мәселе жеткілікті. Соның ең бастысы - мигранттар құқығы. Бұл мәселені шешу үшін ортақ ықпалдастық керек. Бүгінгі конференцияның басты жүгі осыған негізделді»,- деді дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар.

Отырыс барысында миграцияның әлемдік проблемаларымен қатар Қазақстандағы мәселелері мен көші-қон заңдарын жетілдіру сөз болды. «Қазақстан шет елдік жұмыс күшін заңды түрде жұмыс істетуге қанша тырысқанымен шет елдік жұмыс күшінің басым бөлігі заңсыз түрде жұмысқа орналасқанды жөн көреді. Бұл ретте еңбек мигранттарының өздерінің құқықтары бұзылып отыр»,- дейді шараға қатысушылар. Отырыс барысында бұнымен қатар еңбек мигранттарының жанұяларын қорғау мәселесіне де баса назар аудару керектігі айтылды. Кеңес барысында жасалған ұсыныстарды шараны ұйымдастырған ҚР Парламенті жанындағы «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік кеңесі, Еңбек миграциясы жөніндегі халықаралық ұйым, Қазақстанның балалар қоры, Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігі ары қарай жүзеге асыруға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар