Әлемде көліктердің қандай түсі танымал
АСТАНА.KAZINFORM - Соңғы жылдары автокөлік әуесқойларының қалауы өзгере бастады – ашық реңктер сәнге айналуда, деп хабарлайды Motor1.

2024 жылы ақ түс әлемдегі автомобильдердің 34%-ын құрайтын ең көп таралған автомобиль түсі болып қала береді.
Екінші орында қара түсті (22%), үшінші сұр түсті (17%). Сонымен қатар, жасыл, сары және күлгін сияқты жарқын реңктер танымал.
Түстердің танымалдығы аймаққа байланысты өзгереді. Еуропада ақшыл түсті көліктер сұранысқа ие болса, АҚШ-та сұр түсті көлік сұранысқа ие, ал Оңтүстік Шығыс Азияда қара түсті көліктер саны артып келеді.
2024 жылы әлемдегі ең танымал автомобиль түстері:
Ақ - 34%
Қара - 22%
Сұр - 17%
Көк - 7%
Қызыл - 4%
Жасыл - 2%
Сары - 1,5%
Қоңыр - 1%
Күлгін - 1%
Бұған дейін қазақстандықтардың қандай көлік маркаларын жиі сатып алатыны туралы мәліметтерді жариялаған едік.