Әлемде велосипедшілер үшін ең қолайлы 10 қала

АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзінде ел үкіметтері көмірқышқыл газы қалдығын азайтуға тырысып жатыр, ал қалалар адамдардың автокөліктен түсіп, велосипедке ауысуына қолайлы бола бастады. Global Bicycle Cities Index-тің кейінгі зерттеуі велосипед инфақұрылымы дамыған елдердің көбі Еуропада екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: Canva

Әлем бойынша 90 қала алты параметр бойынша талданды.

Олар: велосипед саны, ауа райы, қылмыс пен қауіпсіздік дәрежесі (мысалы, көлік апаты мен велосипед ұрлау), инфрақұрылым сапасы, велокөлік жалға алу мен арнайы іс-шаралар, мәселен, автокөліксіз күндер қаншалықты жиі болып тұратыны ескерілді.

Еуропа қалаларының веложолы жақсы және велосипед айдауға болатын бір жылдағы ауа райы қолайлы күн көп болғандықтан Еуропа қалалары көш бастады.

Құрама Штаттардың бір де бір қаласы топ-20 қатарына енбеген.

Тек Сан-Франциско (39-орын), Портленд (41), Сиэтл (50), Вашингтон (53), Лос-Анджелес (57), Бостон (61 – бір қызығы, ол Лондоннан бір орынға ғана алда болады), Нью-Йорк (67), Чикаго (71) және Детройт (72) топ-90 қатарында бар.

Велосипед айдайтындарға қолайлы үздік 10 қала:

1. Утрехт, Нидерланды

2. Мюнстер, Германия

3. Антверпен, Бельгия

4. Копенгаген, Дания

5. Амстердам, Нидерланды

6. Мальмё, Швеция

7. Ханчжоу, Қытай

8. Берн, Швейцария

9. Бремен, Германия

10. Ганновер, Германия

Британ қалалары ішінде ең жақсы көрсеткішке ие – Бристоль қаласы. Ол велосипед ұрлығына қатысты қылмыс саны аз әрі веложол желісі жақсы жасалғандықтан 15-орын алды.

Ал Франция топ-10 қатарына ілікпегенімен, Страсбург – 11 орынға, Бордо – 12 орынға ие болды.


Соңғы жаңалықтар