Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Венесуэла тұрғыны, әлемдегі ең қарт адам Хуан Висенте Перес Мора 115 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ел президенті Николас Мадуро мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

қарт
Фото: ТАСС

«Әлемдегі ең қарт адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Хуан Висенте Перес Мора 115 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Мен оның отбасын құшақтап, Эль-Кобре қаласының тұрғындарына көңіл айтамын», - деп жазды Мадуро X әлеуметтік желісінде.

Перес Мора 1909 жылы 27 мамырда Венесуэланың Эль-Кобре қаласында 10 баланың 9-ыншысы болып дүниеге келді. Ең ұзақ өмір сүрген оның 11 баласы бар. Перес Мора өмірінің соңын Сан-Хосе-де-Боливардағы үйінде өткізген.

Соңғы жаңалықтар