09:22, 27 Маусым 2025 | GMT +5
Әлемдегі ең құрғақ шөлге қар түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Чилидің солтүстігіндегі ең құрғақ Атакама шөлін қар басып қалды. Бұл туралы сол елде тұрған обсерваторияның забарламасында айтылған деп жазады ресейлік ТАСС.

- Әлемдегі ең құрғақ Атакама шөлінде қар жауып жатыр,- делінген хабарламаның мәтінінде және оған қоса видеокадрлар жарияланған.
Мәлім болғанындай, мұндай қар бұл өңірде соңғы рет 10 жыл бұрын жауған.
Атакама таудың ең биік шоқысында орналасқан. Онда ылғал өте сирек түсетін болғандықтан ол жер обсератория салуға және ғарышты бақылауға өте қолайлы.
Осыған дейін Мысырдың шөл далада жаңа қала салуды жоспарлап отырғаны туралы жаздық.
AWESOME! The Atacama Desert in Chile, the driest in the world, is SNOWY! 🤩😱🥶 pic.twitter.com/ltfMmUWqha
— ALMA Observatory📡 (@almaobs) June 26, 2025