Әлемдегі ең турбулентті әуе жолы аталды
АСТАНА. KAZINFORM - Turbli мәліметінше, бұл – Мендоса-Сантьяго бағытындағы рейс.

Turbli рейтингі бойынша Аргентинаның Мендоса қаласынан Чилидің Сантьяго қаласына рейс әлемдегі ең турбулентті әуе жолы деп танылды.
Әлемдегі ең ірі 550 әуежайды байланыстыратын 10 000-ға жуық бағыт бағаланды. Турбуленттілік деңгейі құйынды диссипация жылдамдығымен (EDR) өлшенді және келесідей жіктеледі: жеңіл (0–20), орташа (20–40), күшті (40–60), ауыр (60–80), төтенше (80-100).
Рейтингіде бірінші орын алған Мендоса-Сантьяго бағыты (196 км) турбуленттілігі – 24,684.
Екінші орын Кордоба (Аргентина) – Сантьяго (Чили) рейсі.
Үшінші жолды Мендоса (Аргентина) – Сальта (Аргентина) бағыты алды.
Осылайша, Оңтүстік Америкадан ұшатын рейстер әлемдегі ең турбулентті әуе бағыттарының алғашқы үштігіне енді.