Әлемдегі ең үлкен айсбергтің ауданы шамамен мың шаршы шақырымға қысқарды
АСТАНА. KAZINFORM — Әлемдегі ең үлкен айсберг A23a жаздың үш айында мың шаршы шақырымға жуық аумақты жоғалтты, деп хабарлайды Арктика және Антарктика зерттеу институты.

— Айсбергтен әрқайсысының көлемі 60 пен 300 шаршы шақырым аралығындағы үш мұз бөлігі бөлініп шықты. Маусым айының басында A23a аумағы 2730 шаршы шақырымды құрады, бұл Ресей астанасы Мәскеудің көлеміне тең. Қыркүйектің басында айсбергтің ауданы 1750 шаршы шақырымға бағаланды (Санкт-Петербург ауданымен салыстыруға болады), — деп хабарлады Арктика және Антарктика зерттеу институты.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша, айсберг Атлант мұхитындағы Оңтүстік Джорджия аралынан солтүстікке қарай 70 шақырым жерде қалқып жүр.
A23a айсбергі 1986 жылы Батыс Антарктидадағы Фильхнер мұз айдынының сыртқы жиегінен бөлініп шықты. Ол кезде оның ауданы 4170 шаршы шақырымға бағаланған. Ол 30 жылдан астам орталық Уэдделл теңізінің таяз жерлерінде қалқып жүрді, содан кейін Антарктида жағалауымен қозғала бастады және 2023 жылдың қараша айының ортасында мұхитқа кірді. Айсберг қозғалуды жалғастырды және 2025 жылдың басында ол Оңтүстік Джорджияға жақындады.
Еске сала кетейік, әлемдегі ең үлкен айсберг жойылып кетуі мүмкін.