Әлемдегі ең үлкен лайнер алғашқы круизіне шықты

Әлемдегі ең үлкен круиз кемесі Icon of the Seas Флоридадағы Майами портынан Кариб аралдарына алғашқы 7 күндік саяхатына шықты. Бұл туралы ВВС жазды.

7 күндік саяхат
Фото: ANADOLU

Кеме 365 метр ұзындығымен рекорд жаңартты. Салыстыру үшін айтар болсақ, аты аңызға айналған Титаник бұл кемеден 100 метрге қысқа (269 м), ал АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ең ірі ұшақ тасымалдағышы Gerald R.Ford ұзындығы - 333 метр. 

Кеме 7 600 жолаушыны қабылдай алады. Онда 40-тан астам мейрамхана, кафе мен барлары бар 20 палуба қарастырылған. Сондай-ақ тропикалық өсімдіктері бар шағын саябақ, театр, караоке, теннис және волейбол алаңдары, балаларға арналған аттракциондар мен аквапарк бар.

Кеме Багам аралдарында тіркелген және Финляндияда 2 миллиард долларға жасалған. 

Соңғы жаңалықтар