Әлемдегі ең жайлы қалалар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Данияның Әлеуметтік талдау орталығы қатарынан алтыншы жыл ең бақытты және өмір сүруге ең қолайлы қалалар тізімін жасап келеді. Бұл рейтинг 82 көрсеткішке негізделеді. Биылғы тізімге Венгрияның екі қаласы да енді.

Әлемдегі ең жайлы қалалар анықталды
Фото: azertag.az

AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, 2025 жылы өмір сүруге ең жақсы қалалар индексі аясында жасалған ең бақытты қалалар рейтингісінде Копенгаген бірінші орынды иеленді. Биылғы тізім алты негізгі санат бойынша 82 түрлі көрсеткішті қамтыды: азаматтық белсенділік, басқару сапасы, қоршаған орта, денсаулық сақтау, экономика және мобильдік (көлік пен қолжетімділік).

Венгрия астанасы Будапешт 700 ұпаймен 110-орынға ие болып, аймақтағы бірқатар қаланы артта қалдырды. Мысалы, Прага (153-орын), София (155-орын) және Варшава (175-орын).

Будапештпен қатар тізімге Дебрецен де енді. Бұл қала 646 ұпаймен 145-орынды иеленді. Венгриядағы халық саны бойынша екінші орында тұрған бұл қала тұрғындардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін көрсеткіштер бойынша 160 ұпай, экологиялық көрсеткіштер бойынша 137 ұпай жинап, жақсы нәтижелер көрсетті.

Биылғы үздік ондыққа негізінен Солтүстік және Батыс Еуропа мен Азия қалалары енді:

1. Копенгаген (Дания)

2. Цюрих (Швейцария)

3. Сингапур (Сингапур Республикасы)

4. Орхус (Дания)

5. Антверпен (Бельгия)

6. Сеул (Оңтүстік Корея)

7. Стокгольм (Швеция)

8. Тайбэй (Тайвань, ҚХР)

9. Мюнхен (Германия)

10. Роттердам (Нидерланды)

Айта кетелік Қазақстандағы ең лас қалалардың антирейтингі туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар