Әлемдегі 3 млрд адам ашқұрсақ жүреді - БҰҰ
Дұрыс тамақтану, салауатты диета ағзаға жеткілікті калорияны қамтамасыз етеді. Азық-түлік ұйымының құнарлы азық-түлік себеті тәулігіне 2330 ккал және арзан, жергілікті өнімдерден тұратын алты санаттағы азық-түліктерге негізделген: 1) дәнді дақылдар, макарон өнімдері және картоп, 2) көкөністер, 3) жемістер, 4) жануарлар өнімдері, 5) бұршақ, жаңғақтар, 6) әртүрлі майлар.
Азияда «азық – түлік кедейлігі» шегінен төмен адамдар саны 78 миллионға өсті. Дәл сол аймақта құнарлы азық-түлік себетінің құны бір жылда 4 пайызға қымбаттады.
ФАО келтірген мәлімет бойынша, дұрыс тамақтану Латын Америкасы мен Кариб теңізі аймағында ең қымбат – күніне 3,89 доллар. Одан кейін Азия - күніне 3,72 доллар, Африка-күніне 3,46 доллар, Солтүстік Америка мен Еуропа – күніне 3,19 доллар, Океания – 3,07 доллар. Африканың 12 елінде халықтың 90 пайыздан астамы толық тамақтануға мүмкіндігі жоқ.
Посткеңестік елдердегі дұрыс тамақтану құны Әзербайжанда күніне 2,53 доллар, Арменияда – 3,25 доллар, Беларустьта– 3,31 доллар, Қазақстанда – 2,66 доллар, Қырғызстанда – 3,18 доллар, Молдовада – 2,81 доллар, Ресейде – 3,42 доллар, Тәжікстанда – 3,48 долларды құрайды.