Әлемдегі ең ақылды адамның есімі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аризона штатының кішкентай тұрғыны Алексис Мартин жер бетіндегі ең ақылды адам деп танылды. IQ тестісін тапсырғанда небәрі үш жастағы бұл қыз бала 162 балл жинаған, ал бұл көрсеткіш әйгілі ғұламалар Альберт Эйнштейннің, Стивен Хокинг пен Билл Гейтстің ұпайларынан артық (160 балл) деп жазады «Актуальные новости».
None
None

Әдетте, ересек адамның ақыл-ойы деңгейінің орташа көрсеткіші 100 баллды көрсетеді. Шамамен жер бетіндегі адамдардың 2% вундеркинд деп саналады. Ал, зерттеушілер кішкентай ақылды қыздың инттеллектісінің коэффициентін дәл анықтай алмаған, себебі, ол тест тапсырмаларын тым жылдам шешкен.

Сәбидің ерекше қабілетіне ата-анасы бұрыннан-ақ назар аударып жүрген екен. Бір жасында-ақ Алексис олардың айтқан ертегілерін өздеріне сөзбе-сөз қайталап айтып бере алатын болған. Бүлдіршін планшеттің көмегімен өздігінен испан тілін де үйреніп алған. Ол қазірден-ақ бесінші сынып оқулықтарын еркін оқиды.

Ақылды қыздың ата-анасы оны өздері үшін мақтан тұтатындарын жеткізді. Алайда, олар сәбилерінің болашақ тағдырына да алаңдаушылық білдіруде. Себебі, осы елден ерек даралығына байланысты Алексис қарапайым балабақшада немесе мектепте өзін еркін сезіне алмауы мүмкін, дейді олар.

Соңғы жаңалықтар