08:31, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Әлемдегі ең ірі қызғылт сары гауһар тас 31,5 млн долларға сатылды
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Әлемдегі аса ірі қызғыл сары гауһар тас Женевада Christie's бәссауда үйінде сейсенбі күні 29 млн швейцария франкіне (31,5 млн доллар) сатылды.

Сауда басталғанға дейін мамандар гауһар тасты 16-19 млн швейцария франкіне (17,5-20 млн доллар) бағалаған болатын. Ұйымдастырушыларға сауда үшін төленетін соманы қоса алғанда, бағалы тастың құны 35,5 млн. долларды құрады.
Салмағы 14,82 қарат тастың формасы мен өлшемі бадам (миндаль) жаңғағына келеді. Осындай белгілері бар гауһар тас екендігі Американың Гемеологиялық институты сертификатымен расталған, деп хабарлайды "Новости".