17:44, 01 Қараша 2016 | GMT +5
Әлемдегі ең ірі телескоп наразылықтар салдарынан Канар аралдарына көшірілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гавай аралдарына құрылысын салу жоспарланған отыз метрлік TMT телескоп, басқа орында тұрғызылуы мүмкін.

Бұл туралы басқарушылар кеңесінің мәлімдемесінде айтылды, деп жазады gazeta.ru. Жергілікті тұрғындардың наразылығы болашақта ғаламшардағы осыған ұқсас ең ірі құралдардың бірі болуы мүмкін, құны миллиард доллардан астам телескоп құрылысына бұрын да тұрақты түрде кесірін тигізіп келген болатын.
Жобаны басқарушылар кеңесі мүшелерінің мәжілісінде Канар аралдарын құрылыс орнының басты баламасы ретінде қарауға шешім қабылданды. «Мұқият өз пікірлерін таразылағаннан кейін кеңес Гавай аралдарына басты балама ретінде Пальма (Канар аралдары) аумағындағы Роке-де-лос-Мучачос обсерваториясын таңдады»,- делінген кеңес мәлімдемесінде.