16:01, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Әлемдегі ең кәрі панда Гонконг жануарлар бағында өмір сүріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең кәрі - Цзя-Цзя атты алып панда Гонконг жануарлар бағында мекендейді.

Цзя-Цзя 1978 жылы туған. Адами өлшем бойынша ол 100-ге келді. Панданың орташа өмір сүру ұзақтығы 15-20 жыл. Гонконг жануарлар бағындағы шарада Guinness World Records судьясы Цзя-Цзя екі әлемдік рекорд орнатқанын айтты: ол ең кәрі панда атанып қана қоймай, сонымен қатар еркіндіктен айырылғандарының ішіндегі ең қарты болып отыр.
Ветеринар дәрігерлер есту және көру қабілетінің нашарлағанына қарамастан, Цзя-Цзяның денсаулығы жаман емес деп есептейді.