Әлемдегі ең қымбат фотосурет 6,5 миллион долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық фотосуретші Питер Ликтің «Елес» түсірілімін Лос-Анджелесте коллекционер 6,5 миллион долларға сатып алды, деп хабарлады The Guardian. Сөйтіп «Елес» суреті бұдан бұрынғы неміс Андреас Гурскиге тиесілі әлемдегі ең қымбат фотосурет рекордын басып озды.
None
None

Лик жұмысы АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Антилопа Каньонда түсірілген. Онда жартас арасына түскен сәуле шағылысы бейнеленген. Жарық сәулесі елеске қатты ұқсайды, сондықтан да картина «Елес» деп аталып кеткен.

Бүгінге дейін ең қымбат фотосурет рейтингісінде Андреас Гурскидің «Рейн II» картинасы көш бастаған. 2011 жылы ол 4,3 миллион долларға сатылған.

Соңғы жаңалықтар